ҚазҰУ ғалымдары графит нанобөлшектерін алудың жаңа тәсілін ойлап тапты
7 желтоқсан, 2016
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ашық алаңдағы ұлттық нанотехнологиялық лаборатория» ғалымдары композиттік материалдарда толтырғыш ретінде пайдалану мақсатында графит пен графен оксидінің нанобөлшектерін алудың тиімді технологиясын ойлап тапты. Жоба жетекшісі ф.-м. ғ.д., проф. А.М.Ильин.
Жоба авторлары графен мен графен оксидін, графит нанобөлшектерін алу үшін лабораториялық қондырғы құрастырып, жинады. Мінсіз құрылыммен салыстырғанда полимерге жабысуын жақсарту үшін графен құрылымы кемшіліктерінің есеп қорытындысы шығарылды.
Зерттеу қорытындысын авиациялық және ғарыштық техникалардың компоненттерін өндіруде күшейтілген физико-механикалық қасиеттерге ие композиттік материалдар құруда пайдаланса болады.
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024