ҚазҰУ ғалымдары плазмадағы қарапайым бөлшектердің өзара әрекеттесуін есептеді

7 желтоқсан, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теория және эксперименттік ҒЗИ ғалымдары қалың квазиклассикалық плазмада атоммен электрондардың соқтығысу үдерісінің өзара әрекеттесуін, яғни атоммен электронды тартып алу және атомның электрондық деңгейін өршітуді зерттеп шықты. Жобаға ф.-м.ғ.д., профессор К.Н. Жұмағулова жетекшілік етті.

Оңсыз квазиклассикалық плазманың бөлшектерімен өзара әрекеттесудің тиімді мүмкіндігінің негізінде электронды тартып алу мен атомды қоздыру үдерістері зерттелді. Атомға жақын электронның нақты траекториясын анықтау деректерімен қоса қозғалыс теориясының негізінде алынған электронды тартып алу зерттеулері салыстырылды.
Қалың квазиклассикалық плазмада өтетін үдеріс термоядерлық синтезді басқару қондырғысының жұмыс жүйесінің макроспокиялық қасиетін анықтауда маңызды рөл атқарады.