Кереметтегі керемет - ателье

7 желтоқсан, 2016

Кереметтегі керемет - ателье

ҚазҰУ-да студенттер үшін ұсынылатын қызметтердің көптеген қолжетімді түрлері баршылық. Университетімізде студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Кампус аумағында студенттер контингентін сапалы да жылдам қызметтер кешенімен қамтамасыз ету мақсатында ашылған Кереметте барлығы бар. Десекте, Кереметте керемет ателье жұмыс жасайтынын бірі білсе, бірі біле бермейді. «Керемет» ашылғаннан бастап өз жұмысын бастаған ателье қазіргі таңда өз тұтынушыларын сапалы және қолжетімді бағадағы қызмет көрсетуімен қуантып келеді. 

Ателье тігіншісі Құлжабаева Алия: 
- «Басқа ательлелермен салыстырғанда, Кереметтегі ательеде қызмет көрсету бағасы әлдеқайда төмен. Өйткені, студенттерге арналғандықтан, олар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, басқа қалалық ательелерде 1000 теңге болатын жұмыс «Кереметте» 600 теңгені құрайды. Бұл студенттер үшін қолжетімді баға. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ательенің қызметі жанданып, өркендеуде. Оған себеп, тек студенттер тарапынан ғана емес, қала тұрғындары, университет қызметкерлері мен шағын кәсіпорындар тарапынан түсіп жатқан тапсырыстар. Атап айтар болсам, қазір арнайы тапсырыс бойынша спорттық киімдерді дайындаудамыз. Сапасы өте жоғары. Барлық киімдерде табиғи түрік маталарын қолданамыз» - дейді. 
Қазіргі таңда бұл ателье осы маусымға лайықталған спорттық киімдерді тігуде. «Шүберек – адам көркі» - деген. Сондықтан, «Керемет» ательесінде жеңілдіктер арқылы өз қалауыңыздағы, арманыңдаған киімге тапсырыс беруге болады. 
Ателье қызметкерлерінің болашаққа көптеген жоспарлары бар. Ательенің жұмысымен таныса отырып, «Кереметтегі» ателье ҚазҰУ жастарының заманауи үлгідегі жаңа имиджін қалыптастыруға өз үлесін қосады деп сенеміз. Ателье жұмысына шығармашылық табыс тілейміз! Болашақта қызмет көрсету аясы кеңейеді дегенге кәміл сенеміз!

massaget.kz