Әлия Ерназарова Антарктиданың жүрегін жаулауға кетті

9 желтоқсан, 2016

Әлия Ерназарова мамандығы бойынша микробиолог, бұл экспедицияның құрамына кіру үшін қатаң іріктеуден өткен. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қарасты экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғылыми директорының орынбасары болып қызмет атқарып келеді. Ерназарованың айтуынша, Антарктида биологтардың ғана емес, әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырса керек.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Әлия «Ғылыми зерттеулер үшін бұл тамаша база. Аталмыш орын ластанудан аулақ және ылғи бірқалыпты төмен температура деңгейін сақтап тұрады. Біздің міндетіміз микрофлораны зерттеп, микроорганизмдер мен олардың қасиеттерін анықтау.Мәселен, экстремальді төмен температураларда тірішілік ету мүмкіндігін қарастыру»,-деп айтқан болатын.

Жас ғалым Антарктидада микроорганизмдер табуға үмітті, олардың қасиеттерін анықтай келе Қазақстан микроағзаларының қатарын толтыру арқылы үлкен жетістікке қол жеткізігісі келеді. Ерназарованың айтуынша, ғалымдар жүргізетін жұмыс маңызды зерттеу болып табылады. Микроағзалар топтамасын толтырып, соның негізінде микробиологтар болашақта жаңа биотехнологиялар құрастыра алады.

«Бұл организмдер қиын жағдайда өмір сүре алатын болса, демек, сол үшін арнайы ферменттер бөлуі мүмкін. Олар жаңа биологиялық жаңалықтардың көзі бола алады. Маған дәл сол орында микроорганизмдердің бөлінуі қажет. Кейін оларды өзіммен бірге Қазақстанға алып кетіп, ҚазҰУ мен Назарбаев университетіне табыстаймын. Әрі қарай зерттеуді сол жақта жалғастыратын боламыз»,- деп болашақта жаңа биологиялық белсенді заттар ойлап табуға болатынын атап өтті.

16 желтоқсан күні «Тәуелсіздік Полюсі» экспедициясының қатысушылары Винсон шыңын бағындырып, Қазақстан мемлекеттік туын көкке көтермек. Ерназарова мен Баймұхамедовадан басқа, экспедиция құрамында жоба жетекшісі Мағжан Сағымбаев, альпинист Ілияс Ғалымбеков және Юрий Юшин, сондай-ақ, ғалым Дәулет Шарипов бар.