- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТМД құрылуына 25 жыл толуына арналған «Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
ТМД құрылуына 25 жыл толуына арналған «Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
ТМД құрылуына 25 жыл толуына арналған «Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы 2016 жылдың 9 желтоқсанында Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Орал тарих және этнография институтымен бірлесіп ТМД құрылуына 25 жыл толуына орай «Ресей мен Қазақстанның гуманитарлық ынтымақтастығы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. 2016 жыл барлық постсоветтік мемлекеттер үшін мерейтойлы жыл, геосаяси, географиялық және экономикалық байланысқан мемлекеттер үшін Тәуелсіз мемлекеттік достастығы өзара ынтымақтастықтың алаңына айналды. Екі мемлекет сан ғасырлар бойы достық, көршілік қатынаста болып келеді. Аталған конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ғалымдары мен ЖОО студенттерін ортақ алаңға жинап, екі ел ынтымақтастығының тарихы мен болашағын саралау болған.
Конференцияда постсоветтік кеңістіктегі гуманитарлық ынтымақтастықтың маңыздылығын ашатын тарихтың өзекті мәселелері қарастырылып, келесі мәселелер талқыланды:
- Қазақ халқының тарихындағы Орынбор рөлі
- Еуразиялық кеңістіктегі гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуы
- Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық байланысы
- ҚР мен РФ этномәдени үрдістер мен этникалық саясаттың қазіргі заманғы тенденциялары
- Мәдени байланыс - мәдени және конфессия аралық диалог негізі ретінде (Қазақстан мен Ресей мысалында)
Конференцияда Орынбор, Мәскеу ғалымдары және алыс шетелден Германия, Италия және Франциядан, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінен ғалымдар қатысты.