ҚазҰУ-ға қарасты Конфуций институты Алматыдағы ҚХР Бас Консулдығымен және Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен бірлесе отырып Алматы қаласының жоғары оқу орындарының қытай тілі оқытушылары арасында «Тіл- достық көпірі» атты байқау өткізді. Байқау ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған болатын.
Сайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар презентация дайындап, қытай тілін оқыту тәжірибесі жайында әңгімелеп, аудитория мен қазылар алқасының сұрақтарына жауап берулері керек. Екінші кезеңде Қытай мәдениеті мен тарихын, сондай-ақ, Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасын білу деңгейі тексерілді, Соңғы кезең нағыз таланттар тартысы болып, қатысушылар қаллиграфия мен сурет салудағы өнерлерін көрсетті.
Алматыдағы ҚХР консулдығының өкілдері, Қытай компанияларының жетекшілері және Қытайдың білікті оқытушылары мен шетел журналистері сынды құрамнан тұратын танымал әділқазылар алқасы ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Ержан Керімбаевқа құрметті 2 орынды табыстады.
«Тіл-достық көпірі» байқауына Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПУ, ҚМЭИП, қазақ және қытай тілі Халықаралық колледжінің қытвй тілі оқытушылары қатысты. Қазылар алқасы оқытушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалап, жеңімпаздар арнайы дипломдармен қатар бағалы сыйлықтармен марапаттталды.