Уақыттың жоғары талаптары

12 желтоқсан, 2016

 

«Экономистердің иеялары, біз ойлағаннан да өте жоғары маңыздылығы бар. Шындығында, әлемді солар басқарады»

               Джон Мейнард Кейнс

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті өз жұмысын бастаған күннен бастап, осы күнге дейін отандық білім беру саласының көшбасшысы, біздің тәуелсіз еліміздің мақтанышы.Бұл жай ғана әдемі сөздер ғана емес. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылында бұл оқу ордасы біздің еліміздің өткені мен жарқын болашағына айналды.

 Құқық және Экономика жоғары мектебі факультеті университеттің мақтанышы болып саналады, бұл факультеттің түлектері халықаралық ұйымдарда жұмыс істеп, білімдерін шетелдік жоғары оқу орындарында жағастыруда.

Елбасы атап өткендей, «Қазақстан отыз дамыған елдің қатарына қосылуы ғылыми экономикаға негізделе отырып қалыптасуы керек. Әлем жаңа технологиялық өлшемге еніп келе жатыр. Оның тенденциялары таңқалдыра отырып, болашақ жайында қатаң талаптар қояды».

Н.Ә.Назарбаев бекіткен тәртіп пен талап, жоғары орындары арасында ҚазҰУ-дың атқаратын рөлі жайында айтқаны біз үшін тек мақтау сөз ғана емес, маңызды міндет болып саналады. «Қазақ Ұлттық Университеті республикамыздың ірі оқу орны , оның түлектері экономиканың барлық салаларында жұмыс істейді.Бірақ бүгінде жоғары оқу орындары студенттеріне талаптар өте жоғары қойылып тұр.Университет әрқашан өз бәсекеге қабілеттілігін жоғарылата отырып, жоғары кәсіби кадрлар дайындауда үлгі тұтар болуы тиіс»

Факультетте республикаға танымал академиктер, ғылым докторлары, профессорлар мен кандидаттар қызмет атқарады. Осы ғалымдардан құралған ғылыми- ағарту және тәрбие корпусы еліміздің экономикалық жетістігінің негізі.Олардың мақсаты- жоғары кәсіби маман дайындау,тек қана тілдер мен экономикалық пәндерді ғана емес, әлемдік экономиканың жағдайын білетін , жан-жақты, білікті маман дайындау.Еліміз бен қоғамның аса маңызды мәселелеріне бей-жай қарамайтын тұлға дайындау.

 

ЭжБЖМ факультетінің

«Менеджмент және маркетинг»

кафедрасының оқытушысы
Мукаев Даулет Толеутаевич