Түркияда «Фараби» Еуразиялық зерттеу институты ашылды

13 желтоқсан, 2016

Түркияда «әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу институты ашылды

 

Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу орталығының ашылуы Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығын нығайтуда маңызды оқиға болды. Ашылымның салтанатты рәсімі Түркияның беделді оқу орны Стамбұл университетінде өтті.

Орталық Қазақ Ұлттық университеті атын жоғары иеленіп жүрген ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидың энцеклопедиялық мұраларын жалғастырмақ. Сондай-ақ, гуманитарлық, әлеуметтік және табиғи ғылым саласындағы ғылыми зертеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыратын халықаралық алаң болады.

«Еуразиялық «әл-Фараби» орталығының ашылуы  философқа деген түрік халқының жоғары құрметінің белгісі және қазақ халқына достық ықыласы деп бағалануда. Бұл жобаның келешегі зор болмақ. Өйткені, орталық жұмысы кәсіби кадр дайындауға, ҚазҰУ ғалымдарының еңбектерін Стамбұл университетінің халықаралық дәрежелі баспаларында жариялауға және жарияланым белсенділігі мен жиілік көрсеткішін көтеруге, сондай-ақ, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін коммерциялауға бағытталады. ҚазҰУ профессорлары орталықта қазақ тілі, Қазақстан тарихы мен мәдениетінен сабақ беретін болады»,-деп атап өтті ректор Ғалым Мұтанов.

Түрік елінің ертеден келе жатқан жетекші оқу орнындағы «әл-Фараби» орталығы Түрік Республикасы Басшылығының «Mevlana» жобасымен қаржыландырылған халықаралық ортақ ғылыми жобалар жасауды және іске асыруды, Түркияның жоғары білім беру Жоғары Оқу Кеңесі есебімен академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамытуды, халықаралық аренада Қазақстанды танытумен қатар оң беделін қалыптастыруды мақсат етеді.

Айта кету керек, орталықтың ашылуына «Өркениеттер Альянсі» (UNAOC) Үйлестіру комитеті жұмыс тобымен уағдаластық арқасында мүмкіндік туды.

Стамбұл университетінің басшысы, профессор Махмут Ак ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа Қазақстандық оқу орнының жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне қосылуы мен оқу орнының халықаралық дәрежеде көрсеткішті көтерудегі динамикалық жаңалығы, сонымен қатар, екі жақ ынтымақтастығына қосқан үлесі үшін Түркияның беделді университетінің «Құрметті доктор» атағын берді.

Стамбұл ғылыми элитасымен өткен ресми кездесу барысында тараптар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түрік Әлемі Медиа Орталығын ашу туралы өзара келісімге келді. Одан бөлек, негізгі серіктестер «жасыл экономика», иннновация, бизнес, өнертапқыштық пен патент алмасу, қолданбалы зерттеулер саласындағы өзара тиімді ғылыми қызмет үшін университеттердің қабілетін біріктіруге дайын екендігін білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық белсенді қызметі және оның Стамбұл университетімен ізгі қарым-қатынасы Еуразиялық «Фараби» зерттеу орталығынының бүкіл түрік тарихы мен мәдениетін, әл-Фараби мұраларын оқытуда бірінші болуына ықпалын тигізеді.