ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты іс-шара болып өтті

14 желтоқсан, 2016

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты іс-шара болып өтті

Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерейтойы- барлық қазақстандықтар үшін Қазақстан халқының тарихи жетістіктерінің жарқын белгісі. Бұл жылдар ел үшін өрлеу мен дамудың дәуірі болды.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов салтанатты шараны ашу рәсімінде «25 жыл бойы егемен Қазақстан әлемге экономиканың, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың дамуының айқын үлгісін көрсетуде. Бұл үдерістердің қарыштап өрлеуінде Елбасымыздың, яғни Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идесяымен қалыптасқан үкіметтік саяси институт сөсіз маңызды рөлге ие» екенін атап өтті.

Ректор Ғалым Мұтанов барлығын мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып, ҚазҰУ-дың жоғары жетістіктері мен жеңістері жайлы хабарлама оқып, ҚазҰУ-ды дамыту мен халықаралық дәрежеге көтеру ісінде белсенділік танытқаны үшін мыңдаған ұжымға алғысын білдірді.

«Білім беру жүйесін комплекстік реформалау әлемдік білім беру кеңістігінде Қазақстанның биіктен көрінуіне мүмкіндік берді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары білім мен ғылымның көшбасшысы ретінде жоғары мектептің, жалпы елдің дамуына сүбелі үлесін қосуда. Әлемнің үздік университеттер қатарына кіру, ғылыми зерттеулер нәтижесін өндіріске қосу және инновациялық қызметті қамтамасыз ету сияқты Елбасының алға қойған міндеттері университетке бағдар беріп келеді »,- деді Ғалым Мұтанов.

Мерекелік шара барысында «ҚазҰУ- 80 жыл» мерейтойлық алтын және күміс медальдарімен белсенді қоғамдық-саяси қызметі мен оқудағы табыстары үшін студенттер, білім мен ғылымды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін университет қызметкерлері марапатталды.

Іс-шара жайдары, жақсы сипатта өтті , әрі қарай «Бақыт» шоу-балеті, «Фараби сазы» оркестрі, «Жастар» квартеті мен басқа да шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуімен концерттік бағдарламаға ұласып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.