Заманауи диаспорология және этникааралық келісім орнатудағы қазақстандық тәжірибе

14 желтоқсан, 2016

Алыс Шығыс кафедрасы «Парадигма және Қазақстан мен шет елдердің замануи диаспорология дискурсы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырады. Іс-шара ҚР ҒБМ «Заманауи диаспорология және этникааралық келісім мен толеранттылықтағы қазақстандық тәжірибе» жобасы аясында өткізілмек.

Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Герман Кимнің «Диаспорологияға кіріспе» және Ботагөз Ракишеваның «Елдер арасындағы стратегиялық келісім аспектісі ретінде Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына көші-қон» атты кітаптарының және «Орталық Азиядағы корейтану деректері» атты халықаралық ғылыми журналдың тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға Вена Университетінің (Автрия) сарапшылары, қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының ғалымдары, этно-мәдени бірлестік өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер ат салысады.

Өтетін уақыты: 27 желтоқсан 2016 жыл, сағ. 10.00 – 13.00

Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы,  №1 Конференц-зал (4 қабат)