Демалыс пен туризм индустриясы: технологиялар, дамыту, ынтымақтастық
2016 жылы желтоқсан айының 22-28 жұлдызы аралығында ҚазҰУ-да «Туризм» бағыты бойынша халықаралық бірлескен магистерлік бағдарлама аясында ПОҚ, магистратура студенттері мен PhD докторанттарға арналған басқарма институтының директоры И.В. Трембач пен э.ғ.к., турзим және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету кафедрасының меңгерушісі Т.Б. Климованың (Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті – ҒЗУ «БелГУ», Ресей Федерациясы) «Демалыс пен туризм индустриясы: технологиялар, жылжыту, ынтымақтастық» атты лекциясы өтеді. Арнайы оқытушылар құрамына екі Workshop өткізіледі.
Ұйымдастырушы: рекреациялық география және туризм кафедрасы.
Өткізілетін орны: География және табиғатты пайдалану факультеті (НОҒ–6 ), 230 аудитория.
Күні мен уақыты: 22-28 желтоқсан 2016 ж. 11.00 ден 18.00 ге дейін.
Келушілерге есік ашық!