ҚазҰУ ғалымдарының математикалық және компьютерлік моделі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы математика және механика ҒЗИ ғалымдары Медеудегі судан қорғау нысанының математикалық және компьютерлік моделін жасап шығарды.
Ғылыми жұмыстың жетекшісі техника ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Белгібаев.
Үшөлшемді интерфейсті дайындау барысында ғалымдар сол жерді жан-жақты жіті зерттеген. Ірі қой тастардың қайда жатқанын анықтап, олардың су тасқыны кезіндегі қозғалатын шынайы өмірдегідей бейнелеген. Сонымен қатар зерттеушілер Медеудегі судан қорғау аумағының техникалық жағдайына терең талдау жасап, оны АҚШ, Италия, Перу және Германиядағы дәл осындай судан қорғау нысандарымен салыстырған.
Су тасқыны кезінде су реттегіштің төменгі жағындағы суағар тунелдерге тастар жиналып қалмауы үшін, қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керектігін есептеген.
Төтенше жағдайдың алдын алу мамандары ҚазҰУ ғалымдары дайындаған компьютерлік модельі нұсқасында су тасқыны кезіндегі қауіпсіздікті сақтай отырып, Кіші Алматы өзенімен қаншалықты мөлшерде суды ағызып жіберуге болатынын айқындап бергенін жоғары бағалады.