ҚазҰУ ғалымдары Мемлекеттік наградалармен марапатталды

20 желтоқсан, 2016

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ел тарихының Тәуелсіздік жылы елдің зияткерлік мүмкіндігінің дамуына жеке үлкен үлес қосқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің ғылым және білім саласының көрнекті ғалымдары Мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 Жану мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Зұлқайыр Мансуров «Парасат» орденімен марапатталды. ҚР еңбек сіңірген тренері Анатолий Арещенко, профессор Берекет Кәрібаев және доцент Архат Әбікенов салтанатты түрде «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен ҰҒА құрметті академигі, Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер Төлеген Қожамқұлов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтатов, экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаева, заң факультетінің деканы Дәулет Байдельдинов, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессоры Элеонора Сүлейменова және әскери кафедрасының басшысы Олег Әжімов, «Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

 Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың он бес оқытушысы мен қызметкеріне арнайы медаль және ректордың алғыс хаты табыс етілді.