- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары алмасқа ұқсас көміртекті қабықшалардың синтездік қосындысының технологиясын ұсынды.
ҚазҰУ ғалымдары алмасқа ұқсас көміртекті қабықшалардың синтездік қосындысының технологиясын ұсынды.
ҚазҰУ ғалымдары алмасқа ұқсас көміртекті қабықшалардың синтездік қосындысының технологиясын ұсынды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ашық типті Ұлттық нанотехнологиялық зертханасының ғалымдары метан, сутегі, аргон газының атмосферадағы қоспаларының құрамалық (PECVD+PVD)тәсілімен және аргонның атмосферадағы PVD синтездік тәсілімен аморфтық көміртекті қабықшаларын ойлап тапты.
Ғылыми жетекші – физика-математика ғылымдарының кандидаты А.А. Рягузов.
Алғаш рет кеңаралық температурада гибриддік түрлі байланыс дәрежесімен, қуаты тұрақты әрі жоғары жиіліктегі электр өрісі мен газ қысымымен алмасға ұқсас көміртекті қабықшаларының синтезін жасауға қол жеткізілді.
Алынған қорытындылар алмасқа ұқсас көміртекті қабықшалар негізіндегі арнайы түрлі қаптағыш жабындыларды жасау үшін қолданылады. Сонымен қоса, көміртекті қабықшалардың құрамы мен құрылымын білу арқылы карбидті жасаушы емес элеметтердің тиімді нанокластерлік модификацияландыруларын тиімді өткізуге және аталған құрамалары бар құралдармен құрылғыларды жасауға болады.
Көміртекті метал материалдардың наноқұрылымдық нанокластердің негізінде ақпаратты сақтайтын және жазып алатын жаңа тиімді құралдарды, жаңа фотоникалық, электроникалық құрылғыларды жасап шығаруға болады.