ҚазҰУ ғалымдары роботты техниканың жаңа алгоритмін ойлап тапты

26 желтоқсан, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ математика және механика ҒЗИ ғалымдары Қарапайым дифференциалды теңесу немесе айырымдық теңесумен сипатталатын интеллектуалдық автоматтық бақылау жүйесінде тапсырмаларды жүзеге асыру алгоритмдерін ойлап тапты. Жоба жетекшісі- т.ғ.д., профессор З.Н. Мурзабеков.

Жоба авторлары бекітілген немесе траекторияның еркін оң шетімен бірге қарарстырылатын жүйе класстары үшін кері байланысқа түсетін тиімді басқаруды тапты. Бұл әдістің жаңалығы Лагранж көбейткішінің арнайы түрін қолдануында. Ол шектеулерді қамтамасыз етіп, жинақтап басқаруға мүмкіндік береді.

Жұмыс нәтижесі қолданудың ауқымды спектрін қамтиды, яғни техникалық жүйелерді, соның ішінде, мобильді роботтарды жобалауда жинақтап, тиіміді басқаруда пайдалануға болады. Тиімді басқару мәселелерімен айналысатын, оның ішінде, ұшатын аппараттар және роботтехникалық құрылғылар әзірлейтін ҒЗИ және ЖОО, ұйымдарда жобалау жүйесі мен басқаруда жарамды.