ҚазҰУ ғалымдары бериллий қорытпасымен жылу нейтрондарының өзара әрекеттесу процесін есептеп шығарды

26 желтоқсан, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және тәжірибелік физика ҒЗИ бериллий қорытпасымен жылу нейтрондарының өзара әрекеттесу процесін зерттеу үшін есептік бағдарлама ойлап шығарды.

Жобаға PhD,  доцент В.Н. Жұмабекова жетекшілік етеді.

Бериллий ядролық энергетикада нейтрондарды баяулатқыш және тойтарушы ретінде белсенді қолданылады. Жоба авторлары жұмыс барысында бериллий қорытпасындағы жылу нейтрондардың таралу әсерін, нейтрондардың таралу қасиетіне құрылымының ықпал етуін және қорытпадағы құрылымдық нәтижені есептеп шығарды. Бериллийдің микрокристалдық және прликристалдық байланысу электронды-микроскопиялық кескіндері зерттелді. Жұмыс нәтижесі ядролық энергетика, материалтану және теориялық ядролық физика саласында аталмыш қасиеттерге ие жаңа материалдар жасап шығаруға жарамды екенін көрсетті.