- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары өсімдіктерді өсіру және флотореагенттер алу технологиясын ойлап тапты
ҚазҰУ ғалымдары өсімдіктерді өсіру және флотореагенттер алу технологиясын ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы жаңа химиялық технологиялар және материалдар ҒЗИ ғалымдары өндірістік оксан және 1,3-диоксан, яғни өсімдіктерді өсуге ынталандыру және флотореагенттер алу технологиясын ойлап тапты.
Жобаға х.ғ.д., профессор С.Н.Калугин жетекшілік етеді.
Жұмыс барысында өндірістік 1,3-диоксан мен 3-алкилоксан-4 алу реттемеесі дайындалды. Тишин және Бақыршы мекенінің полиметалл көміртегін құрамында сақтайтын шикізатты байыту лабораториялық технологиясы құрастырылды, сондай-ақ, бидай өсіруге ынталандыру ретінде өндірістік оксан және 1,3-диоксан қолдану технологиялары жасалынды.
Сонымен қатар, Алматы облысы Талғар ауданының ороорганикалық пестицидті анықтау үшін жер мониторингі және жабайы өсетін өсімідіктерді өсіруге жаңаша ынталандыру жұмыстары жүргізілді. Технология өсімдік шаруашылығында және экологиялық жобаларда, минералды шикізатты байыту үдерісінде қолданылуға дайын екендігін көрсетіп отыр.