№17 студенттер үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шетел филологиясы және аударма ісі мамандықтарының 1 және 2 курс студенттерімен «Менің ата-анам –Тәуелсіздік құрдастары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары М.Жанабекова және Ш.Мақатаева еліміздің тәуелсіздігіне қол жеткізуге себеп болған жылдардағы оқиғаларды тілге тиек етті. Әсіресе, аға оқытушы Шолпан Мақатаева өзінің сол жылдары Алматының шет тілдер педагогикалық институтындағы оқу кезінде аласапыран оқиғаларға куә болғанын есіне алып: «сонау тарихи оқиғалар шеруі көз алдымызда өрбіп жатқанда, сендер қазір қай жаста болсаңдар, біз де сол кезде сендердің жастарыңда едік», - деп әңгіме желісін студенттердің ой-пікірін, тіпті кейбір студентердің де ата-аналарының халқымыздың жылдар бойы армандаған тәуелсіздігін сақтауға қатысқанын, оларға Тәуелсіздік оңайлықпен жетпегенін сол күндерден мазмұнды ақпараттар беру арқылы толыққанды түрде жеткізді.