ҚазҰУ-дың тәжірибелік және теориялық физика ҒЗИ ғалымдары органометалдық галогендік титанат кальций минералдары негізінде жұқа қабықты күн элементтерінің жаңа түрін ойлап тапты. Жобаның авторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ғ.б.м. Т.И. Таурбаев.
Күн элементі мүмкіндігі кең жаңа материал негізінде шығарылды. Бұл жаңалық бүгінде күн қуатының негізгі материалы болып табылатын кремнилік күн элементіне қарағанда, арзан әрі үлкен тиімділікпен қуатты өзгертуге жол ашады.
Анодтық байланыс бетінен алынған органометалдық галогеннидтік перовскит құрамы зерттелді. Үш қабаттан тұратын анодтық байланыстың сапаттамасы берілді (өткізгіш ашық қабатты SnO2: F, кварцтік төсем немесе шыныға жағылған; TiO2 тосқауыл қабат және TiO2 мезокеуек қабаты).
Белгілі технология арқылы бұдан бұрын алынған сынамаларға ұқсас жаңа үлгілер шығарылып, өндірістік технология желісі дайындалды. Бұл қабықшалардың сапасы күн элементтері құрылымдарында және басқа да оптоэлектрондық аспаптарында пайдалануға жарамды екендігін дәлелдейді.