«Plant Factory» микроклональды өрбіту зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Дангук (Корея) университетінің Индустриалды-академиялық ынтымақтастық қоры ғылыми-инновациялық қызметтегі серіктестік, технологияларды трансферлеу және ғылыми зерттемелерді коммерциялауға бағытталған жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.
Жүзеге асырылған алғашқы ірі көлемдегі инновациялық жоба «Plant Factory» микроклональды өрбіту зертханасының ашылуы болып табылады. Жоба ауыл шаруашылығының жоғары технологиялы озық жетістіктерін біріктіреді және қала жағдайында экологиялық таза тағам өнімдерінің үлкен сұрыпталымын алуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, зертханада био тесті, ғылыми тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай жасалған.
Қор жетекшісі Ким Чхол Хён: «Жақсы отырғызылатын және тұқымдық картоп пен құлпынайды өсірудің ғылыми-өндірістік кешені» бірегей жобасы біздің ортақ жемісті ынтымақтастығымыздың ілгері жылжып, іске асуындағы кезекті маңызды қадам болмақ. Біз Қазақстанның жетекші университеті ҚазҰУ-мен серіктес болғанымыз үшін қуаныштымыз. Аталмыш жобаның сәтті жүзеге асуы үшін біз бар күш-жігерімізді салатын боламыз», – деп атап өтті.
Зертхананың ерекшелігі – өсімдіктерді өсіру автоматтандырылған гидропонды стеллаждармен жабдықталған дақылдандырылған бөлмелерде жүзеге асырылады. «In vitro» жаңа тұқымының көшет материалдарында микроклональды өрбіту жылыжай жағдайында көшет өсіруге және аз мерзімде тұтынып, іске асыруға мүмкіндік береді.
«Бүгінгі ресурстар тапшылығы кезеңінде жоғары технологиялы экологиялық таза тағам өнімдерін өндіру тұқымдарды зарарсыздандырудың химиялық әдісінен құтылуға және вирус қаупінен қорықпай дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Инновациялық технология мен заманауи жылыжай құрылғылары арқылы жыл бойы егін жинау мен тұқым өнгіштігінің жоғары көрсеткішін алуға және жобаның экономикалық тиімділігін арттыратын су мен электр қуатын пайдалануға болады», – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов.
Ескере кететін жайт, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «жасыл дамудағы» қызметін белсенді жүргізіп келеді. Белгілі бүкіләлемдік «UI Green Metric Ranking of World Universities – 2016» рейтингінде ҚазҰУ-дың экологиялық таза 200 университеттің қатарына енуі – мұның айқын дәлелі. Қазіргі таңда жасыл технологиялар орталығы ашылды, «ҚазҰУ - Green Campus» бірегей жобасы жүзеге асуда, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы тиімді жұмыс істеуде. Атап өту керек, ұлттық оқу орны өзінің энергосақтау технологиялары мен ғылыми-инновациялық зерттеулерін «EXPO-2017» – «Болашақ энергиясы» көрмесінде ұсынатын болады.
Баспасөз қызметі