ҚазҰУ студенті - Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы

19 қаңтар, 2017

Vesti.kz спорттық-ақпараттық порталы Бүкіләлемдік Универсиада-2017 ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасындағы ең үздік 10 спортшының тізімін жариялады.  Мықтылардың қатарында ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің студенті Роман Креч те бар.

Роман - конькиші-спринтер. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль иегері. Харбинда өткен әлем Кубогінің бірінші кезеңінде 2016/17 спорт маусымында коньки тебу спорты бойынша 500 метр ара қашықтықтан алтын медаль иеленді. 2010 және 2014 жылдары Олимпиада ойындарына қатысып, 2014 жылы Сочиде 7-ші болды.

Бүгінде Алматының спорттық өмірі қысқы Универсиада - 2017 ойындарының өткізілуімен тығыз байланысты және бүкіл қала болып қызу дайындық үстінде. Ірі көлемді спорттық шараның басталуына санаулы ғана күндер қалды. Дүбірлі додаға әлемнің 57 елінен 2000 кәсіби спортшы қатыспақ. Олардың ішінде ҚазҰУ-дың халықаралық деңгейдегі дәрежесі биік 12 студенті бар екенін де айта кету керек.