ҚазҰУ спортшылары Қазақстан намысын қорғамақ

23 қаңтар, 2017

ҚазҰУ-дың 12 студенті 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 ойындарына қатысады

Универсиада - ел тарихында елеулі орынға ие ірі шара. Көптен күткен 2017 жылғы спорттық сайысқа оқ бойы оза шапқан спортшылар қатыспақ. Оның ішінде Қазақ ұлттық университетінің 12 студенті бәйгеге іліккен. Олар:

 

Аты-жөні

Мамандығы

Спорт түрі

 

1

Жансая Адыханова

Халықаралық қатынастар факультеті, «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1 курс студенті

Мәнерлеп сырғанау

2

Федор Мезенцев

 

Халықаралық қатынастар факультеті, «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс студенті

Конькимен жүгіру спорты

3

Артур Сергиенко

Халықаралық қатынастар факультеті, «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс студенті

Конькимен жүгіру спорты

4

Роман Креч

Халықаралық қатынастар факультеті, «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс студенті

Конькимен жүгіру спорты

5

Дмитрий Морозов

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Дене шынықтыру және спорт»   мамандығының 1 курс студенті

Конькимен жүгіру спорты

6

Дарсиль Эссамамбо  

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс магистранты

Конькимен жүгіру спорты

7

Даяна Ахметвалиева

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті

Шаңғымен секіру спорты

8

Айбек Али

Халықаралық қатынастар факультеті, «Халықаралық құқық» мамандығының 1 курс студенті

Шаңғы қоссайысы спорты

9

Никита Колюжнов

Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Маркетинг» мамандығының 1 курс студенті

Тау шаңғысы спорты

10

Аида Олжабаева

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті

Шайбалы хоккей спорты

11

Меруерт Рыспек

 

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлегі

Шайбалы хоккей спорты

12

Дария Молдабай

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлегі

Шайбалы хоккей спорты

 

Сонымен қатар, ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Универсиада-2017 алауын көтеруші ретінде байқаудан тыс бірауыздан таңдалған. Ал болашақ халықаралық құқық маманы Роман Креч Бүкіләлемдік Универсиада-2017 ойындарындағы Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын ең үздік 10 спортшының қатарына енген.

Бұдан бөлек, 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына түскен 6 алтын медальдің 5-еуін ҚазҰУ спортшылары салды. Ал Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада ойындарына ҚазҰУ-дың 17 студенті қатысып, Елдос Сметов қола және Эльмира Сыздықова күміс жүлдегер атанды. Дмитрий Баландиннің Олимпиада ойындарында жүзуден қазақ спорты тарихындағы алғашқы алтын медальды қанжығасына байлауы да кездейсоқтық емес.

Қазақ ұлттық университеті спорт әлемінде сөзсіз көш бастап келеді. Ордалы оқу орнының бүгінгі жетістігі мен тұғырлы жеңісі - елеулі еңбегінің теңдессіз жемісі деп білеміз. Себебі, ҚазҰУ- да спорттың 30-дан астам түрі қарқынды дамыған, сондай-ақ, қазіргі таңда спорттық секциялар клубтық пішінде жұмыс істеп жатыр.

Айта кететін жайт, 1976-1980 жылдары 2 дүркін Олимпиада чемпионы, баскетболдан 5 дүркін Әлем чемпионы Надежда Ольхова, 1988 жылы биікке секіруден Олимпиада ойынының қола жүлдегері Ольга Турчак, 8000 метр биіктіктен жоғары 14 шыңды бағындырған «Снежный барс» 2012 жылы Әлем чемпионы Василий Пивцов және бокстан 2000 жылы Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, 2012 жылы ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова, 2008 жылы дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Житкеев сынды Бүкіл Әлемдік спорт элитасына кірген спортшылар қарашаңырақ қабырғасында білім алған.