Білімді арттыруға бағытталатын алаң
Университеттердегі білім беру бағдарламаларының экспорттық әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесінің оқыту-әдістемелік бірлестігі мәжілісі аясында «Университеттердегі білім беру бағдарламаларының экспорттық әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты 47-ші Ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.
Конференция мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының 79-шы қадамын орындауға бағытталған.
Конференция бағдарламасында келесі бағыттар бойынша секциялар өткізу қарастырылған:
1 секция. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін көтерудің факторы ретінде тану;
2 секция. Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі: аккредиттеу, сертификаттау және кәсіби бірлестіктер ретінде танылуы.
Дөңгелек үстел «Кәсіби-бағдарлы медициналық білім берудің, ғылым мен тәжірибе интеграциясының нәтижесі ретінде медициналық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі».
3 секция. Университеттердің халықаралық рейтингісі: факторлары мен ілгері жылжыту жолдары;
4 секция. Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігіне мүше жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорларының жиналысы;
Дөңгелек үстел. БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасы (UNAI).
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана (конференц-зал, 4 қабат).
Басталу уақыты: 26 қаңтар - сағ. 10:00, 27 қаңтар - сағ. 11:00
Конференция туралы ақпаратпен толығырақ http://smc.kaznu.kz/ сайтында танысуға болады