Қазақстанның жоғары оқу орындарын БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (UNAI) бағдарламасының секциялық мәжілісіне қатысуға шақырамыз!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Тұрақты Даму бойынша Әлемдік HUB UNAI «Университеттердегі білім беру бағдарламасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуетін арттыру» атты 47-ші ғылыми-әдістемелік конференция аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарын «Академиялық ықпал (UNAI)» БҰҰ Бағдарламасы тақырыбына арналған секциялық мәжіліске қатысуға шақырады.
«Академиялық ықпал» (UNAI) БҰҰ Бағдарламасы – білім мен ғылыми зерттеулер арқылы ұйымның мандаты мен мақсаттарын жүзеге асыруда әлемнің барлық университеттерін Біріккен Ұлттар Ұйымымен белсенді ынтымақтасуға шақыратын, интеллектуалды мәдениетті қалыптастырып, академиялық орта арқылы әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыратын БҰҰ-ның жаһандық бастамасы. Қазіргі таңда Қазақстанның және Орталық Азияның 20-дан астам жоғары оқу орындары бағдарламаның белсенді қатысушылары болып табылады.
Сонымен қатар, UNAI бағдарламасындағы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері «Жаңа Жібек жолы- БҰҰ моделі» халықаралық жобасына қатыса алады.
Бағдарламаға қатысқан әрбір университет БҰҰ- ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының ресми сертификатын (UNAI) алады, университеттің халықаралық дәрежесін ынталандырып, БҰҰ- ның сайты UNAI бағдарламасы бойынша тізілімге енгізіледі.
Өтетін орны және уақыты: 26 қаңтар 2017 жыл, сағ. 14.00
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасының №408 ауд.
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы