Үндеу мақсаты - мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту
Үндеу мақсаты - мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту
«Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз.Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.» - деп елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасаған Елбасымыздың үндеуінде еліміздегі демократиялық үрдістің жалғасын табатындығы және саяси билік жүргізудегі Үкімет пен Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету керектігі атап өтілген.
Жаңа Үкімет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрылғандықтан жоғарыда аталған екі тармақтың жұмысының кәсібилігі, елдің саяси экономикалық дамуындағы жауапкершілігін арттыруға, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі шарт. Демек, осы реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық қағидасын, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайын екендігін баяндайды. Жалпы бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын қажет ететіндіктен әрбір топ талқылауға белсенді қатысып, жеке пікірін ашық айтса, бұл қоғамға деген жастар мен өскелең ұрпақтың азаматтық сенімінің артатындығын көрсетеді.
Жұмыс тобына барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлеу міндеттелгендіктен атқаратын шаралар ауқымды болмақ.
«Есеп және аудит» кафедрасы