ҚазҰУ-да "Роман тілдері" орталығы ашылды
Халықаралық қатынастар факультетінде "Романдық зерттеулер орталығы" ашылуының салтанатты рәсімі өтті.
Романдық орталықтың ашылуы Қазақстан Республикасындағы Италия және Испания Корольдігі елшілігінің төтенше және өкілетті елшілері Стефано Раваньян және Педро Хосе Санс Серраноның қолдауының арқасында мүмкін болды.
Бүгінде әлем бойынша Еуропадан Америкаға, Африкадан Азияға дейінгі аралықта роман тілдерінде 1 млрд-тан астам адам сөйлейді. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті Испания және Италия тілдері мен мәдениетін зерттеуде, сонымен қатар, аталған елдер мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды қолдауда жетекші рөл атқарады. Романдық бағыт халықаралық қатынастар саласындағы болашақ кәсіби мамандарды дайындау шеңберінде маңызды болып табылады.
Орталық әртүрлі елдердегі романшыларды біріктіруге, роман тілдерін зерттеу және ілгері жылжытуға арналған алаңға айналуға, бірлескен ғылыми жобалар және Италия мен Испанияның жетекші университеттерімен қосдипломды білім беру бағдарламаларын ашудың іргетасы болуға үндейді.
Халықаралық қатынастар факультеті