Спорттық медицина

1 ақпан, 2017

ҚазҰУ–да «Халықаралық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды қолдаудың медициналық-биологиялық аспектілері» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр.

Атап өту керек, жоғары халықаралық деңгейдегі аталмыш конференция тұңғыш рет өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, спорттық медицинаны дамытуда тәжірибелік маңызға және өзектілікке ие.

Конференцияға ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, Қазақ тағамтану Академиясының өкілдері, FISU халықаралық спорт федерациясының медициналық комитеті төрағасы Дусан Хамар, «Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада – 2017» медициналық қамтамасыз ету және допинг бақылау Департаментінің жетекшісі Аханова Рушангуль, функционалдық диагностика және спорттық медицина, ортопедиялық хирургия саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия және Ресейден травматология және реабилитация саласында мамандар қатысты.

Конференция бағдарламасында спорттық медицина бойынша әлемдік жетекші ғалымдар мен мамандардың шеберлік-сыныптарын өткізіліп отыр («Ірі жарыстарды өткізу кезінде медициналық көмек көрсету әрекеттерінің алгоритмдері», «Спортшылардың функционалдық көрсеткіштеріне фармакологиялық заттардың әсерін азайту» «Спортшыларды сауықтырудың заманауи әдістері. Қалпына келу мерзімі және нәтижелерін оңтайландыру үшін реабилитация қосымша әдістерінің тиімділігі», «Параолимпиялық спортты медициналық-биологиялық қамтамасыз ету», «Параолимпиялық құрама команда дәрігерінің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері», «Параолимпиялық спортшыларды нутритивті қолдау ерекшеліктері» және тағы басқалары).

ҚазҰУ баспасөз қызметі