ҚазҰУ-дың жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары хош иістендіргішті өндіретін шикізаттың тиімді тәсілін ойлап тапты.
Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институтының РММ ғалымдары жоғары шығыммен цитронеллальда цитралды гидраттау үшін арнайы тапсырылған құрамы бар тиімділігі жоғары катализаторды ойлап шығарды.
Цитроннеллаль парфюмерия және тамақ өнеркәсібінде қош иістендіргіш ретінде кеңінен пайдаланылады. Ол белгілі ментолды шығару үшін қолданылатын шикізат. Жоба авторларына жетекшілік жасап отырған химия ғылымдарының докторы У. Сүйінбайдың ат салысуымен, жоғары табысты өнімді өндіріп алуға мүмкіндік беретін үзіліссіз және кезеңді тәсілді, әрі белгіленген құраммен катализатор жасалды. Мұндай катализатордың құрамы үдеріс кезінде аса маңызды роль атқарады. Катализатордың сұрыптау қасиеті жоғары болған сайын, соғұрлым гидрарлық үдерісі де мардымды болмақ. Алынған қорытындылар көрсеткеніндей, селективті катализатор ретінде цитралдық гидратталған үдерісі үшін күміс, рутений және палладии негізінде металдарды қодануға болады.
nauka.kz