ҚазҰУ ғалымдары машиналық тілмәш ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математика және механика ҒЗИ ғалымдары Apertium тұғырнамасы негізінде қазақ тілінен ағылшын және орыс тілдеріне аударатын машиналық тілмәштың ашық жүйесін ойлап тапты. Жоба жетекшісі – т.ғ.д., профессор У.А. Тукеев.
Бағдарлама машиналық аударма жүйесінің сөздіктеріндегі жаңа сөздердің мағынасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған бағдарламаның түрлендіру нұсқасы болып табылады. Сондай-ақ ол қазақша-ағылшынша және қазақша-орысша тілдерінің сөздерін бір уақытта іздестіре алатын қасиетке ие.
Жоба Apertium тұғырнамасы жүйесіне қазақша-ағылшынша және қазақша-орысша екі тілді және бір тілді сөздіктің қор базалары да енгізілген. ҚазҰУ-дың математик ғалымдары қазақша-ағылшынша және қазақша-орысша қос тілдерінің морфология, лексика және синтаксистің деңгейіндегі ережелері негізінде сөздіктің қор базасын жасап қана қоймай, бұл тілдердің лексикалық таңдауының шешімін табатын моделі мен алгоритмін де ойлап шығарды.
nauka.kz
Басқа жаңалықтар

