«Құжаттың қоғамдағы атқаратын рөлі» атты дөңгелек үстел

7 ақпан, 2017

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы М.Т.Раймбекованың ұйымдастыруымен   "Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" мамандығының 2 курс студенттері қазан айының  10-шы жұлдызында  "Құжаттың қоғамдағы атқаратын рөлі" атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты: Қазіргі таңда құжаттың адам өміріндегі алатын орны мен оның маңыздылығын теориялық тұрғыдан талдау жасау, студенттерге құжат ұғымын толыққанды түсіндіру және құжаттық сауаттылығын арттыру.

Дөңгелек үстел бағдарламасы бойынша интеллектуалды сұрақтар жүргізілді.  Сұрақтар электронды ұяшықтар түстеріне қарай жеңіл, орта, қиын деңгейде құрастырылып студенттер арасында ой-пікірлерін ортаға салды. Адам өмірінде құжатқа байланысты кездесетін жағдаяттар өте көп. Құжатқа байланысты қиын, түсініксіз жағдайларға тап болғанда қандай шара қолданарымызды білмей қалатын сәттер де аз емес. Осындай сәттерде не істеу керек? неге сүйенуіміз қажет? қандай орындарға баруымыз керек? деген сұрақтар төңірегінде дөңгелек үстел барысында тұщымды жауаптармен оң нәтижеге қол жеткізді.

 

Іс-шараның қорытындысы ретінде дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы М.Т.Раймбекова  жеке адам мен қоғам үшін құжаттың мәні мен маңыздылығын слайд арқылы талдап, студенттерге мол мағлұмат берді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.