ҚазҰУ-да «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының конференциясы өтті. Шара барысында кәсіподақ төрағасы Талғат Мекебаев пен тексеріс кеңесінің төрайымы Роза Рысқалиева есептеме берді. Сондай-ақ, 2017 жылға бекітілген жұмыс жоспары таныстырылды.
Қазіргі таңда университеттің кәсіподақ құрамына 4203 адам кіреді, оның ішінде 183 ардагер бар. 30 бөлімге біріктірілген «Парасат» кәсіподағы осы кезеңге дейін әлеуметтік еңбек, құқықтық және экономикалық қорғау, демалыс, денсаулық сақтау жұмыстарын жақсартуға бағытталған іс-шаралар атқарылып келеді.
ҚазҰУ ұжымы қызметкерлерге қолдау білдіріп, қамқорлық таныту мақсатында демалыс күндері шипажайлық- курорттық емдеу турларын ұйымдастырып, университетте білім алатын қызметкерлердің балаларының оқу төлеміне жеңілдіктерді қарастырып, концерттерге тегін билет береді.
Сонымен бірге, кәсіподақ мәдени іс-шараларды жиі ұймыдастырып отырады. Оы тұрғыда «Денсаулық», «Тазалық байқауы» , «Өз мамандығының шебері» сынды бірқатар шараларды атап өтсек болады. Ал бөлім қызметкерлері Қаскелең қаласындағы балалар үйі мен Жетісу ауданындық ардагерлер қауымдастығында қайырылымдық жұмыстарын өткізіп келеді.