- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қосылуы» туралы дөнгелек үстел
«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қосылуы» туралы дөнгелек үстел
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қосылуы» туралы дөнгелек үстел өткізілді. В. Самек, Қазақстандағы БҰҰ-ның қоғамдық ақпараттар департаментінің өкілі, Н.К. Бозтаев, «Полигон - 29 тамыз» қорының төрағасы қатысты.
Властимил Самек тәуелсіздік жылдары ішіндегі Қазақстанның бейбітшілік және жаһандық тұрақтылықты нығайту үшін қосқан үлесін өте жоғары бағалады. Ол ядролық қаруды таратпаудағы Қазақстан жолы: ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тарту - әлемдік аренадағы Қазақстанның сыртқы саяси көрінісіне оң әсер еткендігін атап өтті. Сондай-ақ, Властимил Самек т Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қосылуы туралы өз пікірін білдірді. Бұл мүшелік бізге әлемдегі маңызды өзгерістердің бір бөлшегі болуға, әлемде «тәртіп орнатуға» мүмкіндік беретіндігін айта келе, осы жолда Қазақстанға сәттілік тіледі.
Бозтаев Нұрлан «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге Қазақстанның қосқан үлесі» атты фильмін ұсынды.