ҚазҰУ-да жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған арнайы іс-шара өткізілді.

13 ақпан, 2017

 ҚазҰУ-да жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған арнайы іс-шара өткізілді. Онда өз ойларымен бөліскен ғалымдар мен оқытушылар жоғарғы оқу орындарында жемкорлыққа қарсы күресті тек әкімшілік шаралармен ғана жүргізу мүмкін емес дегенді тілге тиек етті. «Ең бастысы, жемқорлықтың тамыры пайда болмайтын, ары мен ділі таза әлеуметтік ортаны қалыптастыру қажет», деп атап өтті өз баяндамасында университет проректоры Шолпан Жаманбалаева. Бүгінгі күні ҚазҰҮ- «Университет жемқорлықтан тыс» атты жоба жүзеге асырылып отыр. Оның аясында жемқорлықтың пайда болуына тосқауыл қоятын, бұл кеселге қарсы тұра алатын кешенді механизмдер мен технологиялар қолға алынып асырылуда. Оған студенттердің оқудағы жетістіктерін үзбей бақылайтын жаңа тәсілдер, сондай-ақ сессияларда тапсырылатын дәстүрлі экзамендерге мүлде ұқсамайтын, яғни білім деңгейіне баға беру кезінде субъективтік фактордың тіптен болмауы, университет түлектері мен студенттер арасында оқу кезінде оқыс жағдайлардың ашылуын анықтайтын әлеуметтік сауалнамалар жүргізіледі. Ондай жұмыс кезінде студенттер кейде барлық сұрақтарға толық жауап беріп жатады, сол арқылы жағымсыз жағдайлардың алдын алу жұмысын жетілдіру үшін пайдалы материалдарды жинауға болады.