«Орталық Азиядағы жапонтану: бүгіні мен болашақтағы даму бағыттары»
2017 жылғы 18-19 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы «Орталық Азиядағы жапонтану: бүгіні мен болашақтағы даму бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция Қазақстанның және Орталық Азияның зерттеушілері, оқытушылары мен жас ғалымдарының «Жапония мен жапон тілі» тақырыбы аясында жасалған еңбектерінің, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің тілі, әдебиеті, мәдениетін зерттеуші жапон ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысуға арналған.
Конференцияға Хоккайдо университетінің славян зерттеу орталығының профессоры Уяма Томохико, Цукуба университетінің профессоры Оно Масаки, Цукуба университетінің ассоц.профессоры Руз Ванбэлен, Халықаралық Жапон Қорының Қырғыз-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының сарапшысы Мунаката Минами, Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университетінің оқытушысы Г. Воробьева, Ташкент мемлекеттік шығыстану институтының оқытушысы Г.Курбанова, Өзбекстан ұлттық әлем тілдері университетінің оқытушысы Н. Турапова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушылары – Ж. Қуанышбек және Г. Утеулиева, ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Н. Шаймарданова Цукуба университетінің магистранттары мен докторантары, Қиыр Шығыс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдар қатысады.
Демеуші: Toshiba Халықаралық қоры (Жапония)
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, 503 зал
Өтетін уақыты: 2017 жылғы 18 ақпан, 12.30
2017 жылғы 19 ақпан, 10.00
Байланыс телефоны: 8 (727) 243-83-57