Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтедіFarabi University

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді

15 ақпан, 2017

2017 жылдың 16 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтеді.

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер Министрлігі, БҰҰ қоғамдық ақпарат Департаменті, әкімдік, дипломаттық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері атсалысады.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми кітапхана (4-қабат, мәжіліс залы).

Өтетін уақыты: 16 ақпан 2017 жыл, сағат 10.00

 

ҚазҰУ баспасөз қызметі