"Азиялық держава мен жаңа Жібек жолындағы Орталық Азия"

24 ақпан, 2017

Халықаралық қатынастар факультетінде Токия мен Цукуба университеті бағдарламасымен ынтымақтастық аясында «Азиялық держава мен жаңа Жібек жолындағы Орталық Азия: ішкі және сыртқы көзқарас» («Asian Powers, Central Asia and the New Silk Road: Views from Inside and Outside») атты халықаралық семинар өтті.

ҚазҰУ-ға ынтымақтастық және ғылыми пікір алмасу мақсатында жапондық жоғарғы оқу орындарынан Хисао Коматцу, Т. Дадабаева, Шиоя Акифуми, Масо Чисако сынды профессорлармен қатар докторанттар мен магистранттар құралған біртоп делегация келіп кетті.

Іс-шараны ашқан декан орынбасары Д. Жекенов мен профессор М. Губайдуллина ғылыми және білім бағдарламалары шамамен он жылдай сәтті жүзеге асып отырғанын атап өтті. Халықаралық қатынастар факультеті  осындай жапондық ЖОО-мен келісімшартқа отыруды бастамашылық етіп келеді және оның негізінде магистранттар мен бакалаврлардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық студенттер үшін жапондық шәкіртақы гранттарын ұсынылып, докторанттардың дайындығы жүргізілуде. Профессор Хисао Коматцу факультет ұжымы мен профессор Губайдуллина М.- ға TUFA-дан келген жапондық студенттерге қолдау көрсеткеніне шынайы ризашылығын білдірді.

Семинардың басты ерекшелігі әр сессиясына Жапония, Қытай, Қазақстан, Италия ғалымдары қатысуы болды. «Бір аймақ – бір бағыт»  атты қытайлық бастамаға түрлі көзқарас танытқан Масо Чисако және Т. Дадабаев (Япония), Лю Ци және Ли Сяцзюань (Китай), Морена Скаламера (Италия) оның саяси, экономикалық және энергетикалық қырларын талқыға салды. ҚазҰУ зерттеушілері К. Байзакова, М. Губайдуллина, Г. Мовкебаева қытайлық стратегиялық бастама мен қазақстандық «Нұрлы Жол» экономикалық бағдарламаның түйінді мәселелеріне және болашағына  тоқталып өтті. Сондай-ақ, А. Каукенов  (халықаралық орталық «China Center») және Д. Косназаров  (Нархоз Университеті) тапсырған Қытайдың «жұмсақ күші» туралы мәселе пікірталасқа арқау болды. Цукуба университетінде білім алып жатқан Қазақстан, Түркия, Тәжікстан және Өзбекстан докторанттары Орталық Азиядағы сыртқы күштердің саясатына салыстырмалы талдау жасады.

Айта кету керек, аталмыш іс-шара студенттердің жапондық білім беру бағдарламаларына қызығушылығын тудырып, халықаралық сарапшылардың  ғылыми пікірталастарына шынайы ден қойдырды.