ҚазҰУ студенті әлем біріншілігінде күміс жүлде иеленді
28 ақпан, 2017
Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч спринтерлік көпсайыстан бірінші жарыста 500 метр қашықтықта күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кету керек, Роман Креч - ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің студенті. Ол - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль иегері. Харбинда өткен әлем Кубогінің бірінші кезеңінде 2016/17 спорт маусымында коньки тебу спорты бойынша 500 метр ара қашықтықтан алтын медаль иеленді. 2010 және 2014 жылдары Олимпиада ойындарына қатысып, 2014 жылы Сочиде 7-ші болды.
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024