Корольдік химиялық қоғамы деректер қорының ашық тестілік жүйесі (Royal Society of Chemistry, RSC)

28 ақпан, 2017

Әл-Фараби Кітапханасы Корольдік химиялық қоғамының деректер қорлары тестілік режимде қолжетімді болғанын хабарлайды.

Royal Society of Chemistry, RSC (Корольдік химиялық қоғамы) – Ұлыбритания Құрама Корольдігінің ғылыми қоғамдастығы (кәсіби қауымдастық), оның негізгі мақсаты химиялық ғылымды дамыту болып табылады.

Қоғам британдық химиктерден құралған кәсіби қауымдастықтан тұрады және оның «Chartered Chemist» мәртебесін беруге құқығы бар (CChem, карольдік грамотасын алған химик). Сонымен қатар, Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Қоғам біліктілігі жеткілікті үміткерлерге грамоталар тапсыра алады: «Chartered Scientist» (CSci, корольдік грамотасын алған ғалым), «Registered Scientist» (дипломдалған маман) және «Registered Science Technician» (дипломдалған ғылыми-техникалық маман). FRSC қысқарма сөзі Қоғам таңдауы бойынша химияны дамытуға елеулі үлес қосқан шәкірт ақы алушылар тобын білдіреді. Шәкірт ақы алушылардың есімдері жыл сайын «Таймс» лондон газетіне жарияланады. Қоғамның құрметті шәкірт ақы алушы (HonFRSC) болу үшін химия саласында үздік жетістіктер болу керек.

Қоғам тақырыпқа бөлінген бес бөлім және төрт форумнан тұрады. Бөлімдер мен форумдар химияның кең салаларын қамтиды, бірақ онда шағын мәселелермен айналысатын көптеген арнайы топтар бар.

Қоғам Баспасы түсімсіз: жарияланымдардан түскен барлық ақы химиялық ғылымды дамытуға жіберіледі. Ғылыми мерзімді басылымдармен қатар, Қоғамның Chemical Communications, Chemical Science и Chemical журналдары да бар. 
Қоғам келесіні шығарады:

• Education in Chemistry мұғалімдер үшін;

• Chemistry Education Research and Practice химия пәні мұғалімдеріне арналған  тегін онлайн журнал;

• Chemistry World журналы ай сайын бүкіл әлем бойынша Қоғамның барлық мүшелеріне жіберіледі. Журналдың редакциялық алқасы теория және өнеркәсіп саласындағы 10 мамандардан тұрады. Журнал 1965 жылдан бастап шығатын Chemistry in Britain журналының орнын басты, алғаш рет ол 2004 жылы жарық көрді. Басылымда жаңалықтар, жалпы химиялық мәселелер жөніндегі мақалалар,  мысалы, химия тарихы, химиялық технологиялық әзірлемелер, кітаптарға рецензиялар мен оқырмандардың хаттары шығарылады. 

Ресурсқа сілтеме: http://www.rsc.org

Деректер қорына тек университет компьютерлері арқылы кіре аласыз.  

Әдістемелік орталық

Байланыс телефоны: + 7 727 393 40 66
e-mail: 
library@kaznu.kz