Арабистиканың дамуындағы жаңа тенденциялар

4 наурыз, 2017

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында арабтану бөлімінің ұйымдастыруымен «Арабистиканың дамуындағы жаңа тенденциялар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция өтті.

Конференцияда Қазақстан мен араб елдерінің ғалымдары мен оқытушылары арасындағы ғылыми және оқу-әдістемелік диалог, байланыстарды нығайту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтап қалу, Қазақстан мен араб әлемінің ғылым және білім мәселесіндегі ынтымақтастығы, араб тілі мен әдебиетін дәстүрлі және инновациялық әдістермен оқыту мәселелері талқыланды.  

Конференцияға Әл-Азхар (Мысыр Араб Республикасы), UNISZA (Малайзия), Әл-Ариш (Мысыр Араб Республикасы), Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті (Қазақстан) университеттерінің профессорлары, сондай-ақ Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Абылай хан ат. ХҚӘТУ, Л.Гумилев ат. ЕҰУ шығыстанушы, арабтанушы ғалымдары қатысты.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы