Можтаба Дамирчилу мырзамен «Елші сағаты» өтті
4 наурыз, 2017
Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу мырзамен «Елші сағаты» өтті.
Елші екі ел арасындағы инвестициялық және инновациялық жобалар мен келісім-шарттар туралы баяндады. Әсіресе, жұмысқа орналасу мәселесіне тоқталып, бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде 250 ирандық компаниялар тіркелгенін айтты және парсы тілін білетін мамандарға сұраныстың көп болатындығын жеткізді. Кездесуде Иран Ислам Республикасының бүгінгі ғылымдағы, білімдегі жетістіктері туралы да сөз қозғалды.
Сонымен қатар университет ұжымын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жаңа деңгейде дамуына ниетті екенін хабарлады.
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024