Келелі келіссөз

6 наурыз, 2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай ғылым академиясы Қашықтықтан зерделеу және сандық Жер институтының Каши ғылыми-зерттеу орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Стратегиялық келіссөздерге келген әріптестер ғарыштық зерттеулер жүргізу және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамыту бойынша ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Меморандумға қол қою рәсіміне ректорат мүшелері және Фу Бихонг бастаған ҚХР Академиясының делегация мүшелері профессор, Ли Ксинву и Ши Пилонг атсалысты.

Баспасөз қызметі