16 наурыз, 2017

ҚазҰУ ғалымдары  "Лимонидин" деп аталатын тиімділігі жоғары препарат жақпа майын жасап шығарды.

 Қазақстанның флорасында кеңінен ұсынылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеяға енгізілген, кермек Гмелина (Limonium gmelinii) өсімдіктің тамырынан алынған, "Лимонидин" өсімдік субстанция  осы бірегей препараттың белсенді заты болып табылады. Субстанция антимутагендік және гепатопротектордық белсенділігін анықтайтын және анаболикалық процестерді организмде арттыратын,  биологиялық белсенді заттардың емдік кешенін ұсынады. ҚР БҒМ ҒК микробиология және вирусология институтында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша белгілі препараттармен салыстырғанда "Лимонидин" субстанциясы вирусқа қарсы белсенділігі едәуір жоғары және тұмау мен парагрипптік вирустарының көбеюіне тосқауыл қою қауқары аса жоғары.

Өсімдік субстанцияның құрамына полифенольдық қосылыстар, витаминдер (С, Е), микроэлементтер сияқты әлемдегі тиімді табиғи антиоксиданттар, сондай-ақ табиғи α-амин қышқылдарының толық спектрі және маңызды полиқанықпаған (полиендік) жоғары карбондық қышқылдар кіреді.

ҚазҰУ-дың химия ғылымдарының докторы, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химия мен технология кафедрасының профессоры Ғалия Жүсіпованың айтуынша "Лимонидин" жақпа майының клиникалық зерттеулері Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында, профессор З. Б. Кешелевамен дерматовенерология және косметология ғылыми-практикалық орталығында, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедрасында өткізілді. "Лимонидин" жақпа майы жұқтырған жаралардың және шырышты қабықтардың тез тазаруына ықпал етеді, ұшық пен емізіктің сызаты кезінде, бұтаралық жіктердің алшақтауы, ауыз қуысының шырышты қабатының эрозиялы-язвалық және язвалы-некроздық процестері кезінде, парадонттың қабыну және қабыну-деструктивті аурулар бар кезінде қолдануға көрсетіледі. Жаңа отандық жоғары сапалы "Лимонидин"  жақпа майы антиэкссудативтық тиімділігінің арқасында қабыну процесін тоқтатады және регенерацияның зақымдау ошақтарын жеделдетеді, көрсетеді, жергілікті және жалпы уытты әсер көрсетпейді, ағзаның иммундық деңгейін жақсартады.

"Лимонидин" субстанциясы мен жақпа майы ресми түрді тіркелген және медициналық тәжірибеде ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігімен қолдануға ұсынылған. "Лимонидин" Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген Мемлекеттік дәрілік заттардың тізіміне енгізілген. "Лимонидин" жақпа майы өндірістік жолға қойылып бүгінде "Химфарм" АҚ-да шығарылып отыр. Көп ұзамай түпнұсқа "Лимонидин" жақпа майы  Алматы қаласының дәріханаларына түседі.

Айта кету керек, отандық дәрілік препараттардың үлесін арттыру міндеті елдің экономикалық дамуындағы басымдықтар ретінде бірінші кезекте белгіленеді. Өсімдік дәрілік препараттарының артықшылығы: олардың ағзаға жұмсақ әсер етуі, терапиялық әсердің кешенділігі және ұзақ уақыт емдеу уақытында маңызды болып табылатын уыттылық, кумулятивтік әсер, аллергиялық реакциялар және үйреніп кету факторының жоқтығы. Өсімдік дәрілік заттардың және ағзаның физиологиялық антиоксиданттық жүйелерінің үйлесімділігі оның қорғаныш ресурстарды мақсатты ықпалдандыруға және жұмылдыруға жағдай жасай алады, бұл іс жүзінде "ауру емес, организмді емдеу " қағидаларын іске асырады.