Ядролық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері
ҚазҰУ- дың Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелер Институты Токио Ғылым және өнер институтымен (Жапония) бірлесіп «Ядролық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық студенттік дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада халықаралық қатынастар факультетінің магистранттары мен Токио университетінің студенттері баяндама жасады. Жас ғалымдар ядролық бірлесе отырып Ядролық қауіпсіздік мәселелерін алға тарта отырып, аталмыш бағытта декларация қабылдады.Сапар барысында шетел студенттері бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағына саяхат жасаған болатын.
Сонымен қатар, Жапония университетінің Ғылым және өнер колледжінің оқытушылары Такаши Изутшу мен Теруе Окада қорытынды сөз сөйлеп, ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық қатынастар факультеті