«Заманауи мектептегі биологиялық білім»
ҚазҰУ-дың биофизика және биомедицина кафедрасында «Заманауи мектептегі биологиялық білім» атты биология мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинар тақырыбының өзектілігі оның республикалық деңгейде орта және жоғары білім беру орындарындағы биолог мамандарды интеграциялауда кешендік тәсілдің қажеттілігімен және биология саласында жаңа типтегі кадрлар мен оқушыларды дайындау қажеттілігімен түсіндіріледі.
Секция жұмысына 90-нан астам адам қатысты. Республикалық семинар аясында биология бойынша оқу-әдістемелік кітаптар мен биологияны оқытудың көкейкесті мәселелері бойынша баяндамалар көрмесі ұйымдастырылды.
Шара шеңберінде заманауи мектептегі биологиялық білімнің өзекті сұрақтары; оқушыларды биологияға оқытудағы проблемалар; оқу-әдістемелік оқыту сұрақтары ғылыми талқылау форматында талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар университет пен биология мұражайын, ғылыми кітапхана мен «Керемет» бірегей студентер орталығын, технологиялық паркты, инновациялық жылыжай орталығын аралады. Онымен қоса, биологияның әр саласынан дайындалған семинар-тренингтерге қатысып, қажетті ақпараттар алды, семинар соңында қатысушылар сертификатқа ие болды.
Атап өту керек, заманауи мектепте биологиялық білім беру мәселесі бойынша өткізілген Республикалық оқыту әдістемелік семинар өзіндік ерекшелікке ие. Университет қолдауымен ұйымдастырылған шара Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында алғаш рет өтіп отырғандықтан тарихи маңызы бар оқиға болып табылады