ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтановтың мерейтойына
27 наурыз күні белгілі ғалым, қазақстандық көрнекті зиялы қауым өкілі, тұғыры биік тұлға, талантты ұстаз, білікті ұйымдастырушы, сондай-ақ, ошақ басы, отағасы, ардақты әке, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов өзінің 60 жас мерейтойын атап өтеді.
Ғ. Мұтанов 40 жыл бойы білім беру саласында қызмет етіп келеді, ол өзінің бүкіл өмірін ғылымға, жоғары мектеп пен кәсіби борышына арнады. Ғалымқайыр Мұтанов профессор, техника ғылымдарының докторы, оннан аса халықаралық академиялардың академигі, Дүниежүзілік Өнер және Ғылым Академиясының мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Халықаралық Университет Президенттері қауымдастығының мүшесі, ҚР ғылым және техника саласының еңбек сіңірген қайраткері, ғылым мен технология саласындағы исламдық ISESCO сыйлығының лауреаты.
Еңбек жолын Рудненский индустриялық институтында оқытушы ретінде бастаған. Әр жылдары Қазақстанның мемлекеттік университеттерінің ректоры қызметін атқарған. 2002 жылы Ғалымқайыр Мұтанов ҚР білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі болған. Ол елдің білім, ғылым, мәдениет салалары мен рухани, зияткерлік мүмкіндіктерінің дамуына зор үлес қосты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды 2010 жылдан бері басқарып келеді. Оның басшылығымен университет әлемдік рейтингтерде жыл сайын алға жылжуда. 2016 жылы ҚазҰУ халықаралық QS рейтингінде әлемдік үздік 250 университет қатарына еніп, 236 орынға ие болды. Үздік университет Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бүгінде көшбасшы болып отыр.
Ғ. Мұтановтың білім және ғылым саласына сіңірген еңбегі жоғары мемлекеттік және халықаралық наградаларымен марапатталды: 3-ші дәрежелі «Барыс» орденімен, «Парасат» орденімен, Академиялық пальма бұтағы Кавалері Орденімен (Франция), Польша Республикасының Кавалер Кресі орденімен, М.Кюри алтын медалі, «Біріккен Еуропа» алтын медалі (Оксфорд), Лиссабон жоғары инженерлік институтының «Ғылым мен инновациядағы жеткен жетістіктері үшін» медалімен (Португалия) және басқа да марапаттармен марапатталған.
Құрметті мерейтой иесіне арнап, оның достары, қызметтестері, ғылыми қоғам өкілдері мен университеттің шетелдік серіктестері арнайы құттықтаулар мен алғыс хаттарын жолдап, тұщымды мақалалары мен еңбектерін арнауда.
"Айқын" газеті 14.03.2017 https://aikyn.kz/2017/03/13/6722.html
Досанов С. "Алтын сүйген азады, халқын сүйген озады"