Ынтымақтастық бағыттары талқыланды

27 наурыз, 2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаевтың Порту университетінің вице-президенті Мариа де Фатима Мариньомен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында алғашқы болып сөз сөйлеген М.Бүркітбаев университет білімі мен білігі туралы қысқаша баяндап өтті. Порту университетінің вице-президенті Мариа де Фатима Мариньон Қазақстанға, ҚазҰУ-ға алғаш келгенін атап өтіп, екі университет ынтымақтастығына ризашылығын жасырмады. Сондай-ақ, өз сөзінде ол Португалия университетінің білім беру жүйесіне шолу жасап өтті. Екі жақ кездесу аясында медициналық және биологиялық аспектілерге кеңінен тоқталып, келешекте осы бағытта жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті. Аталмыш негізде Португалиядан келген қонақтар, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен биология факультетінде экскурсия жасайтын болады.

 

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

і