ЭӘДҰ бағдарламаларын жүзеге асыру негізінде

29 наурыз, 2017

2017 жылдың 7 сәуірінде  Астана қ. Expo-2017  Бүкіләлемдік көрмесіне арналған  IV Халықаралық  Фараби оқулары аясында «Қоршаған орта қауіпсіздігі мен денсаулық. Заттардың қауіпсіздігі: ЭӘДҰ (экономикалық әріптестік және даму ұйымы) бағдарламалық бағыттарын  жүзеге асыру»  мультидисциплинарлық секциясы өтеді.

Секцияда Ресей тұтынуды бақылау «Ресей потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды тіркеу»   ДДБМ директоры, Ресей үздіксіз білім беру  медициналық академиясы» гигиена кафедрасының  меңгерушісі, «Токсикологиялық жаршы» ғылыми тәжірибелік  бас редакторының  орынбасары, м.ғ.д.,  профессор Хамидулина Х., Санитарлық эпидемиологиялық сараптау және бақылау Ғылыми практикалық  орталығы бастығы м.ғ.д., Нажметдинова А., Ашық түрдегі  ұлттық  нанотехнологиялық зертхана  және Жану мәселелері бойынша институты» РГМ мекемелерінің бас мамандары, ҚазҰУ-дың эпидемиология және гигиена кафедрасының оқытушылары баяндама жасайды.

Бағдарламада нано-бөлшектерді өндіруді зерттеу әдістерінің нәтижелері, олардың физикалық және химиялық қасиеттері және биологиялық әдістері, денсаулық сақтау өнімдері мен тұрмыстық бұйым тауарларын өндiруде наноматериалдарды қолдану мүмкіндіктерін бағалау, экологиялық мәселелер жөнінде сұрақтар талқыланатын болады.

Форумнан Қазақстандағы наноматериалдар қауіпсіздігін бағалау бойынша ЭӘДҰ бағдарламасын дамытуда Қазақстан мен Ресейдің химия, физика, биология, экология және медицина мамандарының халықаралық ғылыми пәнаралық ынтымақтастығы негізінде мүмкіндіктерін анықтау нәтижесі күтіледі.

Форумға қызығушылық білдерген барлық ұйымдар, ғалымдар, оқутушылар мен жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. 

Өтетін уақыты: 7 cәуір 2017 жыл, сағ. 9.00-  14.00 

Өтетін орны: "Әл-Фараби" кітапханасы, 408-аудитория