Шылым шегуге тыйым салынды

7 сәуір, 2010

Шылым шегуге тыйым салынды

2010 жылдың 1-сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың Университеттің барлық оқу корпустарында, ғимараттарында және бөлмелерінде шылым шегуге тыйым салатын бұйрығын қолдау мақсатында акция өткізілді. Акцияны ҚазҰУ Студенттер сенаты мен экономика және бизнес факультетінің белсенді студенттері ұйымдастырды. Акцияны өткізу барысында студенттерге Ректордың шылым шегуге тыйым салатын бұйрығының мәтіні бар брошюралар таратылып, Университеттің барлық ғимараттарында салауатты өмір салтын және шылым шегуден бас тартуды насихаттайтын плакаттар ілінді.