Баспасөз хабарламасы
«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы 2017 жылғы ЖОО түлектерін «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.
Қазақстанда алғаш рет «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетпен бірлесіп жоғары оқу орындарының (ЖОО) түлектері арасында «Жас Өркен» тағылымдамалар бағдарламасына қатысуға сайыс жариялайды.
«Жас Өркен» бағдарламасы – бұл «Самұрық-Қазына» АҚ ЖОО-ның талантты түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту және дамыту бастамасы. Іріктеу кезінде сайыстың негізгі қағидаттары: барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндік, ашықтық пен меритократия болып табылады.
Қатысуға бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша ЖОО-ның 2017 жылғы түлектері шақырылады.
Сайыс үш кезеңнен тұрады: біріншісін қатысушылар online өте алады, екінші кезең өңірлерде өтеді, үшіншісі – Астана қаласында «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде өткізіледі. Қатысушылардың өтініштерін тіркеп қабылдау – бағдарламаның www.skcu.kz/zhasorken ресми сайтында 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Сайыстың 20 жеңімпазы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде оқытылып тағылымдамадан өтуге Қазақстанның жетекші ұлттық компанияларына жіберіледі. Бағдарлама мерзімі – 2 жыл. Осы кезең бойы тағылымгерлерге шәкіртақы, тағылымдану орнына жолақысы және тұрақтау ақысы төленеді.
Ұлан Тәжібаев, «Самұрық-Қазына» АҚ меңгеруші директоры:
««Жас Өркен» бағдарламасы – бұл біздің дарынды жастардың ұмтылысын дамыту және түлектер үшін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жемісті қызмет құрудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарламаға қатысушылар тәжірибелі топ-менеджерлердің жетекшілігімен тағылымдамадан өтеді, бұл жағдайда келешекте кәсіби қызмет барысында қолдана алатын жаңа білім мен дағдылар игере алады. Келешекте - тағылымдамадан өткеннен кейін үздік үміткерлердің жетекші ұлттық компанияларда қызмет етуге мүмкіндіктері бар».