«Жастар ­жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!»

11 сәуір, 2017

Баспасөз  хабарламасы

 12 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жастар ­жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» атты бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер форумы өтеді. Шараға Алматы қаласы жоғары оқу орындарының жастар өкілдері атсалысады.

Студенттік форумға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бастамалық етіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен  Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруда. Іс-шара студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, қандай-да бір жемқорлық әрекетіне шыдамсыздық танытып, жастарды жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді түрде тартуға бағытталады.

Шара қатысушылары жемқорлыққа қарсы жұмыстар, жобалар мен бастамалары жайлы тәжірибесімен бөлісіп, ой-пікір алмасады. Сонымен қатар, форумда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жемқорлықтан тыс университет» жобасын жүзеге асырудағы озық тәжірибесі таныстырылатын болады. Атап өту керек, университеттің аталмыш жобасы аясында жемқорлыққа қарсы механизмдер мен технологиялардың біртұтас жиынтығы еніп, қандай-да бір жемқорлық әрекетіне шыдамсыздық танытатын орта құрылды.

Форумда «Жастар - жемқорлықтан тыс университеттерді қолдайды!» қозғалысының эстафетасы бастау алады. ҚазҰУ студенттері жемқорлыққа қарсы форумның эстафетасын Алматы қаласы мен республиканың басқа да жоғары оқу орындарына табыстайды. Шара қатысушылары еліміздің студент жастарына арнап әлеуметтік мәселе - жемқорлыққа қарсы бір бағытта әрекет етуге ниет танытып, қозғалысқа қатысу жөнінде үндеу жасайды.

Жоғары оқу орындарындағы жемқорлықпен күрес еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды басымдылыққа ие және бұл жобада студент жастардың алар рөлі орасан зор.

 

Өтетін уақыты мен орны: сағ.11.00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы (Әл-Фараби даңғылы, 71).

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48